Камзин Куаныш Серикбаевич
- Лауазымы: мектеп директоры, тарих және география пәнінің мұғалімі
- Туған күні, айы, жылы: 2 қыркүйек 1984 жыл.
- Білімі: жоғары. Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институты, 2005 жыл.
- Мамандығы: тарих және география пәнінің мұғалімі.
- Ұлты: қазақ
- Санаты : бірінші
Өз білімін жетілдіру курстары:
2011 жылы ОПМБАИ «Тарих мұғалімдерінің педагогикалық қызметіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында өз білімін жетілдірді.
2014 жылы АҚ «Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы контексінде оқушыларды әлеуметтендіру» тақырыбында Өрлеу» БАҰО АҚ-ның орталығы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкердердің біліктілігін арттыру институтында өз білімін жетілдірді.
Мұғалім жетістіктері:
2007-2008 оқу жылы мұғалімдер арасында тарих пәнінен өткен аудандық пән олимпиадасында 2 орынмен марапатталды.
2014-2015 оқу жылы тамыз педагогикалық кеңесінің директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысында «Мәңгілік ел ұлттық идеясы аясында Қазақстандық мектеп: заманауи үлгісі, болашақ дамуы мен үрдістері» атты тақырыбында баяндама оқып, өз іс-тәжірибесімен алмасты.
Оқушылардың жетістіктері:
2012-2013 оқу жылы тарих пәнінен аудандық пән олимпиадасында 10 сынып оқушысы Айткен Гульмира ІІ жүлделі орынға ие болды.2014-2015 оқу жылы аудандық ғылыми жобалар сайысында 11 сынып оқушысы Оразханова Жаскен ІІ орынға иеленді.
Кайсина Ляйла Кулумхановна
- Лауазымы: мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
- Туған жылы және жері:1985 жыл 23 қаңтар Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылы
- Ұлты: қазақ
- Білімі: жоғары, Инновациялық Еуразиялық Университеті, 2009 жыл. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2015 жыл
- Санаты: I
Мұғалім жетістіктері:
2013 – 2014 оқу жылы «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты Республикалық сайысында «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» номинациясы бойынша І орын, ІІ орын. 2014 – 2015 оқу жылы «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты Ү Республикалық мұғалімдер сайысында «Сабақ беру кезіндегі презентацияның қолданылуы» номинациясы бойынша І орын.
«Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты Ү Республикалық мұғалімдер сайысында І орын.
2016-2017 оқу жылында Республикалық қашықтық «Ұстаз-ұлы есім» байқауында «Педагогикалық қоржын» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом.
Павлодар облысының білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар интернет-фестивалінде ІІІ орын.
2017-2018 оқу жылында «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет-фестивалінен «Іздемпаз» номинациясы бойынша марапаттау.
«Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасынан ІІ орын.
«Филолог» ҮІ Халықаралық қашықтық олимпиадасынан І орын.
2018-2019 оқу жылында Облыстық білім беру басқармасынан алғыс хат.
Оқушылардың жетістіктері:
Аудандық “Өзін-өзі тану” олимпиадасы 9- сынып оқушысы Қабиден Мерей ІІІ дәрежелі диплом.
Аудандық “Өзін-өзі тану” олимпиадасы 10 сынып оқушысы Кеңес Ақжан ІІІ дәрежелі диплом.
Аудандық “Өзін-өзі тану” олимпиадасы 10 сынып оқушысы Омирзакова Айгерім II дәрежелі диплом.
Изатбекова Айнаш Балгабаевна
- Лауазымы: мектеп директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары, тарих және география пәндерінің мұғалімі
- Туған жылы және орны: 5 шілде 1982 жыл, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы
- Ұлты: қазақ
- Білімі: жоғары.
- Санаты : бірінші
Өз білімін жетілдіру курстары:
2012 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ «Қоғамдық пәндер мазмұнын жаңартудың қазіргі тенденциялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы;
2013 жылы Павлодар облысы ақпараттық технологиялар орталығы «AktivInspire БҚ интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін оқу процесінде пайдалану» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы тақырыбында біліктілікті арттыру курсы
2014 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ «12 жылдық ммектепте оқушы тұлғасын табыстыәлеуметтендірудегі сынып жетекшісінің жобалық қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы
2017 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ «География пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін еңгізудің оқу-әдістемелік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы
2019 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. Филиалы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсы
2019 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ , ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсы
2019 жылы ИнЕУ, «тарих пәнін оқытудағы қазіргі білім беру технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы
2019 жылы ИнЕУ, «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы инкюзивтік теория және практика: жай-кұйі, проблемалары мен перспективасы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы
2020жылы Алматы қаласы ББЖКБАРИ базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы
Оқу семинарларында тәжірибе алмасу:
2013жылы ПМПИ «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына қатысты;
2016жылы С.Торайғыров ат. ПМУ «Ваучер-модуль жүйесі: жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» білімін жетілдірді;
2016 жылы Павлодар облысы «Өрлеу» АҚ ПҚБАИ , «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асырудағы тарихи тұлғалар» облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты;
-2016 жыл – «Білім берудегі инновация мен тәжірибе: уақыт талабы» ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының аудандық кезеңінде 2 орын;
– 2016жыл- аудандық пән олимпиадасында тарих пәні бойынша 1 орын;
-2016 жыл – «Өнерім саған арнаймын туған Елім» облыстық кәсіподақтар ұйымының шығармашылық байында Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп ұжымының «Ұлттық аспаптар оркестрі» құрамында лауреаты атанды;
Оқушы жетістіктері:
-2015 жыл- аудандық пән олимпиадасында оқушысы Кеңес И. 3 орын иеленді;
– 2016 жыл- аудандық пән олимпиадасында тарих пәнінен окушысы Кеңес И. 2 орын;
– 2016 жыл- аудандық ғылыми жоба байқауында окушысы Елубаева Н. 2 орын;
– 2017жылы- Адам. Қоғам.Құқық пәнінен оқушысы Елубаева Н. 3 орын, ғылыми жобалар байқауында2 орын иеленді;
– 2017жыл – «Мәңгілік елдің ұлы мұраты» республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысқаны үшін Астана қаласы білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиеваның алғыс хаты;
-2019жыл- «Х Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми –практикалық конференциясының катысушысы.
Арынова Айман Кайратовна
- Лауазымы: Мектеп директорының ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі.
- Туған жылы: 19.02.1984 жыл.
- Ұлты: қазақ
- Білімі: жоғары, Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық институты, 2010 жыл.
- Санаты: II
Өз білімін жетілдіру курстары:
2011 жылы «Болашақ үшін оқыту» «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» курсын тыңдады.
2014 жылы сәуір айында «Aktivinspire БҚ оқу үрдісіне интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында семинарға қатысты.
2014 жылы қараша айында «PascalABC.NET ортасында программалау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.
2014 жылы қазан айында «2007 Microsoft office кеңейтілген мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбы бойынша семинарға қатысты.
Еңбек жолын Қаратерек орта мектебінде аға тәлімгер ретінде бастады.
2011 жылы «Педагогика ХХІ века» халықаралық білім беру жобасы қарсаңында «Педагогикаға құзреттілікті енгізу» тақырыбында семинар-тренингке қатысып сертификат алды.
2013 жылы «Тәрбие берудің ізгілік парадигмасында аға тәлімгердің кәсіби деңгейінің өсуі» облыстық оқыту семинарының қатысып сертификатпен марапатталды.