Ұстаз есімі әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қасиетті де қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. «Әркімнің өз дара жолы бар» екенін, оны кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне, еліне, ұлтына берер пайдасы туралы дәріптеу. Ұстаздар бойындағы мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін әріптестерімен бөлісу. Бүгінгі кейіпкеріміз, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебіне еңбегін сіңірген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, құрметті ұстаз, қадірлі де асыл ана, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Мырзагожина Орал Дүйсенбайқызы.Орал Дүйсенбайқызы өзінің өмірін мектебіне, шәкірттеріне арнаған білімді де, білікті ұстаз. Осындай қуанышты күні мектеп ұжымы мен оқушылар зейнет жасымен құттықтап, өздерінің жүрек жарды лебіздері мен әдемі әндерін арнап, әдемі кеш өткізді. Құрметті Орал Дүйсенбайқызы, сізді зейнет жасыңызбен шын жүректен құттықтай отыра, деніңізге саулық,отбасыңызға амандық тілейміз!
- Басты жаңалықтар
- ҚР мемлекеттік рәміздері
- Президент жолдауы
- Мемлекеттік сатып алу
- Мектеп Директорының Блогі
- Педагогикалық ұжым
- Оқу үрдісі
- Тәрбие жұмысы
- Мектепке жол акциясы
- Біздің жетістіктер
- Қорытынды аттестаттау
- Ата-аналар назарына
- Оқушылар назарына
- Әдістемелік жинақ
- Қауіпсіз мектеп автобусы
- Психологиялық қызмет
- Нормативтік құжаттар
- Рухани жаңғыру
- Өзін-өзі тану
Ауа-райы
Дс | Сс | Сә | Бс | Жм | Сб | Жс |
---|---|---|---|---|---|---|
« Қар | ||||||
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Posted on 14.09.2023, 19:07 By karaterek
Categories: Басты, Без рубрики