«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауы      «Жасұлан» әскери-спорттық ойыны      Қыздар арасында мини-футбол жарысы      Шахмат жетекшілері сайысы      Тілдер апталығы      Денсаулық апталығындағы іс-шаралар      «Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар      Денсаулық апталығы      «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы      1-қыркүйек – Білім күні     
[espro-slider id=356]
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений
Тілдер апталығы

2019 жылдың  02-23 кыркүйек аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қазақстан Республикасында тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыра отырып, ҚР халықтарының Тілдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары құрылды.  

        Мақсаты:   Тіл Заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру. Оқушылардың тілге деген құрметін арттыру.

Айлықтың  ашылуында Тілдер мерекесіне арналған презентация көрсетілді, Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мәлімет таныстырылды. Оқушылар ана тілі туралы өлеңдер айтып, Отанға, туған тіліне, туған халқына деген сүйіспеншілікті білдірді.  Сонымен қатар мектеп кітапханышысы Уалиева Ж.А.«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша «Бір ел, бір кітап- 2019» акция  туралы мағлұмат берді.

5 қыркүйек күні 1-11сыныптарда «Тіл-рухани байлығымыз»  тақырыбында  сынып сағаттар өткізілді.  Оқушылардың өз еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтап, тілімізідің  қадір-қасиетін бойларына өнер арқылы сіңіре білуге үйретуді мақсат етті. Сынып сағаттар оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу мақсатында  және ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтайды, патриоттық сезімді қалыптастырады деген  нәтижеге жетуге бағытталған.

Тіл айлығын ұйымдастырып, жас ұрпаққа ана тілінің қадір – қасиетін, тарихын бойларына сіңіріп, тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырған мұғалімдерімізге Мырзагожина Орал Дүйсенбаевна, Сембаева Сайран Канатаевна, Спанова  Ризагуль  Кадыровна, Акибай  Гульдана Игіликовналарға алғысымыз шексіз, еңбектеріңізге  Алланың нұры жауып, Нұрына шомылып, сәулесінен қуат алып, теңізінде тербеліп, қанатында қалықтап, биікке самғай беріңіздер.  Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына,  тіл – біздің намысымыз, арымыз,байлығымыз, барымыз.

About