Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар рухани жаңғырту ақпараттық-түсіндірмелі материал | ![]() |
Болашаққа бағдар рухани жаңғыру атты мақаласын насихаттау | ![]() |
100 жаңа есім | ![]() |
Рухани жаңғыру слайд | ![]() |
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы аясында атқарылған іс – шаралардың I жартыжылдық есебі
Өткен оқу жылында 2019 жылдын наурыз айында облыстық «Shanyrag» жобасын қорытындылау аясындағы аудандық «Киіз үй fest» көрме – конкурсы бойынша Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі II орынды иеленді. Облыстық «Шаңырақ» киіз – үй көрме конкурсының ең үздік сыртқы безендіру номинациясы бойынша Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар 2018 жылы «Рухани жаңғыр» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген облыстық «Бақытты отбасы» конкурсына белсене қатысқаны үшін “Active Family» командасы (Маймановтар отбасы) Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы Д.Болатханұлы атынан сертификатпен марапатталды.
2018 жылы 21 қарашада Павлодар қаласында өткен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ұйымдастырған облыстық «Startap-up жыл идеясы» конкурс аукционына 8 сынып оқушысы Аханов Арман қатысып, жеңімпаз атанып дипломмен марапатталды және де бас жүлдеге планшетке ие болды. Пән мұғалімі Омаров Ержігіт Толегенович «Startap-Up Жыл Идеясы 2018» конкурс-аукционының жеңімпазын сапалы дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар «Bala business» start-up жобаларының облыстық байқауына қатысушыларды дайындағаны үшін Омаров Ержігіт Толегенович Павлодар облысы білім беру басқармасы мен М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайы атынан алғыс хатпен марапатталды.
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепішілік жұмыс жоспары құрылған. Қыркүйек айында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік спорт лигасы ұйымдастырылып «Ghallenge Өзгеше сен!» велосипедпен жүру айлығы өткізілді.
Қазан айында «Жақсылық жаса» акциясы аясында мектеп оқушылары қарт адамдарға барып, мерекелерімен құттықтап, көмек көрсетті. 3 қазан күні Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп айналасын жасыл ағаштармен көркейту, көгалдандыру мақсатында облыстық «Эко boom» жобасы аясында «Бірінші сынып» бақшасы акциясы өткізілді. Бұл күні мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары ата – аналарымен бірге он жас ағаш отырғызды. 5 – 9 сынып аралығында «Экосағат» сынып сағаттары өткізілді. Эко boom «Керексіз батерейлер мен ПВХ – ны жинау» акциясы ұйымдастырылды. 100 жаңа есім жобасы аясында мектеп түлегі грек – рим күресінен спорт шебері Қалел Диас Талғатұлымен кездесу өткізілді. Осы айда «Энергия мен су болашақ үшін» акциясы ұйымдастырылды.
Қараша айында Павлодар облысының киелі жерлері балалардың көзімен атты тақырыпта 5 – 11 сынып оқушыларына слайд презентация көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Камзин Қуаныш Серікбайлының жетекшілігімен мектеп оқушылары күзгі демалыс уақытында Павлодар қаласындағы Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи – өлкетану мұражайына барып қайтты. Бір сағаттық экскурсия барысында оқушылар тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі, облыстың жануарлар дүниесі, рухани жаңғыру, кеңестік дәуірдегі Павлодар облысы мен қазақ халқының этнографиясына арналған экспозициялық залдарын тамашалады. Сонымен қатар оқушыларды Май ауданы, Қызылеңбек ауылы маңынан табылған қимақ жауынгері қызығушылық тудырды. Оқушылар тамаша әсер алды.
Желтоқсан айында «Менің туым» жобасы аясында мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын суретке салып, әйнектерге ілді. 21-22 желтоқсан күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған Startup жобасына 7 сынып оқушысы Тайтулен Болат қатысып келіп сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Пән мұғалімі Омаров Ержігіт Төлегенұлы да сертификатпен марапатталды. «Адал friends» облыстық жобасы аясында үйде білім алатын 5 сынып оқушысы Узбеков Мейіржанға жаңа жылдық сыйлық беруді жоспарлап отырмыз. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік спорт лигасы ұйымдастырылып «Ghallenge Өзгеше сен!» шаңғы тебуді ұйымдастыруда.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері атты құжатта, 9 бөлімінде көрсетілгендей патриоттық және әскери – патриоттық бағыттағы іс – шараларды өткізу маңызды болып табылады. Осы орайда мектептегі 4 айда атқарылған әскери – патриоттық тәрбие жұмысына тоқталып кетсем.
Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап патриоттық тәрбие жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Жоспар бойынша:
Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау жұмыстары жыл бойы жүргізіледі. Әр дүйсенбі күні сабақ басталар алдында мемлекеттік әнұран орындалады.Әнұранға мектептің барлық оқушылары, ұстаздары қатысады.
Қыркүйек айының 25 күні аудандық «Жас ұлан» әскери – спорттық жарыс өткізілді. Сол жарыста Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің командасы 3 орынды иеленді. Қыркүйек айының 28 күні мектепішілік «Мергендер» сайысы өткізілді. Сайысқа 7-10 сынып аралығында 25 оқушы қатысты. Сайыс мектеп спорт залында өтті.
Қазан айында «Ардагер» операциясы жүргізіліп, қарт адамдарға мектеп оқушылары 1 қазан «Қарттар күні» мерекесімен құттықтап, көмектерін көрсетті. Қазан айының 8 күні « Саптық байқау» сайысы өткізілді. Сайысқа 8-10 сынып аралығында 12 оқушы қатысты. Сайыс мектеп саптық аланында, бірнеше кезең бойынша өткізілді.
Тұңғыш президент күніне орай 1-4 сынып оқушылары арасында «Елбасы жолы» атты бейне ролик көрсетілді.
Тәуелсіздік күніне орай мектеп бойынша “Ұлы дала елі” атты бейне ролик көрсетілді.
20 желтоқсан күні Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебі бойынша, 8-11 оқушылары арасында ҰОС Жеңісі күнінің 75 жылдығына арналған әскери – қолданбалы спорт түрлерінен «Сарбаз-2019» жарысы өткізілді. Жарысқа әр сыныптан 3 оқушыдан жалпы 12 оқушы қатысты. Сайыс қортындысы бойынша жоғары деңгейде қатысқан оқушылар іріктеліп аудандық «Сарбаз-2019» жарысына дайындалып қатысады.
Мектепте әскери –патриоттық бағыттта “Жауынгер” клубы жұмыс атқарады. Әскери –патриоттық клубтын мақсаты: Өз Отанынына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер және Отан алдындағы қызметін абыроймен атқаратын болашақ жауынгерлерді қалыптастыру. Клуб Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және әскери нышандары, саптық дайындық, ҚРҚК жарғылары, Атыс дайындығы бөлімдері бойынша жұмыс атқарады. Клубтың жоспары бойынша жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан жұма күндері жүргізіледі. Клубқа 12 оқушы тіркелген. Клуб мүшелері облыстық және аудандық жарыстарға белсенді қатысады.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері атты құжатта, 8 бөлімінде көрсетілгендей білім алушыларды спорттық іс – шараларға, спорт клубтарына, бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлерін спорт федерацияларымен өзара іс – әрекет арқылы тарту. Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оның ішінде тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Денсаулықты нығайтып, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектепте 2 спорт секциясы мен 2 үйірме жұмыс жасайды. Олар: баскетбол, волейбол секциялары және асық ату мен шахмат үйірмелері. Мектепте 2-7 қыркүйек күндері денсаулық апталығы өткізілді. 2 қыркүйек күні «Денсаулық әліппесі» апталықтың ашылу салтанаты өтті. «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» флешмоб таңғы жаттығуы жасалды. 3 қыркүйек күні үзіліс уақыттарында «Ел қырандары» олимпиада чемпиондары туралы бейнекөрсетілім көрсетілді. 1-4сыныптар аралығында «Көңілді сөре» ойыны ойналды. 4 қыркүйек күні 1 – 4 сыныптар аралығында «Шынықсаң шымыр боласын» атты тақырыпта суреттер сайысы өтті. Үзіліс уақыттарында оқушылар теннис ойнады. 5 қыркүйек Денсаулық болашақтың кепілі атты сынып сағаттары өткізілді. Түстен кейін 5 – 8 сыныптар арасында кіші футбол өткізілді. Үзіліс уақыттарында «Алтын сақа» асық ойындары өтті. 6 қыркүйек күні 9 – 11 сыныптар мен мектеп ұжымы арасында баскетбол «Алтын доп» ойыны ойналды. 7 қыркүек барлық оқушылар мен мектеп ұжымы табиғат аясына серуенге шықты. Сонымен қатар мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру кеңесі жұмыс жасайды.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханасының жұмысы да маңызды болып табылады. Мектеп кітапханасында өткізілген іс – шараларға тоқталсақ:
- «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды:
– «Қазақ әліпбиінің тарихы»
– «Туған жер»
– «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»
- «Ұлы дала поэзиясы» кіші жобасы аясында С. Торайғыров шығармашылығымен таныстырылды. Слайд презентация көрсетілді.
- «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» презентациясы көрсетіліп, оқушылар латын әліпбиінің тарихымен таныстырылды және берілген мәтінді латын әліпбиімен жазды;
- «Қазақстанның қасиетті жерлері» виртуалды саяхат;
- Май ауданының киелі жерлері: Қайса Нұрғазыұлы зираты (1888-1976 жж), Қалмаққырылған таулары, Қалбасын мұнарасы, Әбділдә (Ақбалық Хазірет 1833-1918) тақырып бойынша кітап сөрелері, сөре жанындағы әңгімелер өткізілді.
- «100 кітап» атты жоба аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды және Б. Момышұлы, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Б. Соқпақбаев т.б кітаптары оқылды.
.