«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауы      «Жасұлан» әскери-спорттық ойыны      Қыздар арасында мини-футбол жарысы      Шахмат жетекшілері сайысы      Тілдер апталығы      Денсаулық апталығындағы іс-шаралар      «Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар      Денсаулық апталығы      «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы      1-қыркүйек – Білім күні     
[espro-slider id=356]
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений
Кітапхана

«Кітап – ойлардың кемесі. Уақыт толқынымен саяхат жасап, бағалы жүгін ұрпақтан –  ұрпаққа жеткізіп тұрады» деп ағылшынның аса көрнекті философы Фрэнсис Бэкон.

Аты-жөні: Уалиева Жанылсын Аскарбековна

Білімі: Арнаулы орта. Ермак мәдени-ағарту училищесі. Кітапхана бөлімі. 1987 ж.
Жоғары. С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік  Университет. Кітапханашы – библиограф.  2005 жыл

Еңбек өтілі: Жалпы 32 жыл. Кітапхана – 24 жыл

Кітапхана туралы мәлімет:

Мектеп кітапханасы 1962 жылы ашылған.

Кітапхана ауданы 60 шаршы метр

Кітап қоры: 10703 дана

Оқу залында отыратын орын саны – 8. Абонемент

Кітапхана мақсаты: Оқу тәрбие үрдісінде оқушылар мен мұғалімдердің білімін жетілдіру негізінде кітапханалық және библиографиялық қызметпен қамтамасыз ету.

Кітапхана міндеттері:

– Мұғалімдердің, мектеп тәрбиешілерінің әдістемелік, пеадагогикалық шеберлігін дамыту барысында педагогикалық әдебиетпен, ақпарат тарату құралдарын насихаттау;

– Оқушылардың ақпараттық құралды қолдануына, кітапқа деген сүйіспеншілігін, іскерлігі мен дағдысын, кітапхананы өз еркімен пайдалануын қалыптастыру.

Кітапхана жұмысының негізгі функциялары: білімділік, ақпараттылық, мәдениеттілік.

Біліктілікті арттыру:  2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Мектеп кітапханашыларының ақпараттық ортасын құруды және қызмет етуін ұйымдастыру» тақырыбында курстан өттім.

Баспасөз басылымдарына шыққан мақалалар.

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. Мектептегі кітапхана «Мұқағали – мәңгілік құмыр» 2018 жыл, №1, 21 бет.

2.Республикалық газет. Қазақстан мұғалімі. «Мамандығым – мақтанышы»  2017 жыл, 27 қазан, №19-20.

Іс-тәжірибені тарату:

2011, 2012 жж. Облыстық тамыз конференциясы қарсаңында мектеп кітапханшыларының секциялық отырысында «Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың рөлі» тақырыбында баяндама.

2013 жылы «Қазақстан -2050» стратегисы – қалыптасқан мемлекттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау жұмыстары ұйымдастыру, баяндама.

2014 ж.  «Білім беру ұйымы кітапханасының тәуелсіз Қазақстанның рухани мұрасын жаңартудағы кітапхананың рөлі»  баяндама.
2014 жылы «Оқу – тәрбие барысындағы мектеп кітапханшысына қойылатын біліктілік талаптар» тақырыбында  семинар – практикум.

2018 жылы «Кітапхана – рухани жаңғыру жолында: кітап арқылы жаңашылдыққа»  тақырыбында баяндама

Кәсіби жетістіктері:

2011 жылы Облыс көлемінде өткізілген «Кітапханалық сабақ – 2011» сайысына қатысып, «Жеңімпаз Дипломы» дипломы.

2013 ж Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың ұйымдастырылуымен өткен «Цифрлық пішіндегі кітапханалық өлкетану» атты облыстық конкурсына қатысыушы ретінде сертификат.

2015 ж, тамыз.  «Өрлеу» ПО ПҚБАИ.     Грамота

ІІІ дәрежелі Диплом «Үздік мектеп кітапханашы» атты облыстық конкурстың «Үздік ауылдық мектеп кітапханшысы» 2015 жыл.

Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты шығармашылық ізденісі, инновациялық идеясы мен кәсіби шеберлігі үшін Грамота, 2015 жыл.

Астана қаласы білім басқармасы «Алғыс хат» Қазақстан Республикасы Туелсіздігінің  25 жыл жылдығына орай өткізілген «Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты республикалық байқау. 2016 жыл.

2017 жыл ГРАН-ПРИ жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапхана мамандарына арналған қашықтықтан өткізілген «Мен кітапханашымын» байқауында «Кітап –  алтын қазына» номинациясымен марапатталдым.

09.01.2018 . Свид. о гос. регистрации  № 017705391  Почетная грамота

За информатизацию образования и обмен педагогическим опытам.

12.03.2019 жыл. І дәрежелі ДИПЛОМ №D-0028870

www.tio.kz  Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада сайты. Кітапханашылар арасында ұйымдастырылған онлайн олимпиаданың жеңімпазы.