«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық байқауы      «Жасұлан» әскери-спорттық ойыны      Қыздар арасында мини-футбол жарысы      Шахмат жетекшілері сайысы      Тілдер апталығы      Денсаулық апталығындағы іс-шаралар      «Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар      Денсаулық апталығы      «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы      1-қыркүйек – Білім күні     
[espro-slider id=356]
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений
«Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар

Денсаулық апталығын Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінде денешынықтыру мұғалімдері ұйымдастырумен басталды атап айтсақ Узбеков Руслан Айткалиевич пен Майманов Асет Нурлыбекович  мектеп оқушыларын салтанатты саптүзумен бастап, апталық аясындағы өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Апта бойы «Шынықсаң шымыр боларсың» айдарымен бүкіл мектептік таңертенгі жалпы дамыту жаттығулар өткізілді, сонымен қатар қара жорға биі және  басқа да ұлттардың билерін билеп сергіту жаттығулары орындалды.

Мектебіміздің медбибісі Женисхан Бакшагул 6-9 сынып оқушыларымен «Денсаулыққа көзқарас» тақырыбында сауалнама өткізілді. Қазақ, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері Мырзагожина Орал Дүйсенбаевна мен Сембаева Сайран Канатаевна «Дені сау ұрапақ- жарқын болашақ» тақырыптарында диктанттар алынды. 4 қыркүйек күні 1-11 сыныптар аралығында сынып жетекші мұғалімдер  «Денсаулық әліппесі», тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. 1-4 бастауыш сыныптарда Бекенова Айгуль Ахановна, Досымханова Қарығаш Байтемировна, Уалиева Эльвира Танатовна, Шакарова Бибигуль Кумаровналар  «Менің мектепке дейінгі жолым» диспут сабақтарын өткізді. 5-6 сынып оқушыларына Мылтықбаев Думан Жумашкенович  «Жол тәртібін білейік- аман-есен жүрейік» тақырыбымен викториналық ойын өткізілді. Бастауыш сыныптары арасында «Салауатты өмір- біздің болашағымыз» тақырыбында суреттер сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар апта бойында жоспар бойынша спорттық жарыстар өткізіліп отырды.2 қыркүйек күні  5  сыныптар арасында мектеп ауласында эстафеталық жарыс өткізіледі, оған  30 оқушы қатысты. Футболдан «Алтын доп» жарысында І орын 5 «а» сыныбы, ІІ орын  6 «а» сыныбы, ІІІ орын 7 «а» сыныбы алды.  Жоспар бойынша қыркүйектің 3 күні «Көңілді мәре» 7-11 сыныптар арасында өтті. І орын 10 «а» сыныбы, ІІ орын  8 «а» сыныбы, ІІІ орын 9  «а» сыныбы алды. Қыркүйектің төрті күні 1-4 сыныптар арасында  «Толағай» жарысы  өтті. Оған қатысқан оқушылардың саны 25 .  І орынға ие болған  4 «а» сыныбы, ІІ орын  3 «а» сыныбы, ІІІ орын 2 «а» сыныбы алды.

Апталықтың соңғы күні 7-қыркүйекте «Денсаулық фестивалі-2019» аясында«Здоровье в порядке – спасибо зарядке» ұранмен, сағат 10.00-13.20 уақыт аралығында 130 оқушының қатысуымен  «Жаттығуға тұралық» кешенді жаттығулар  жасалды. Жаттығулардан соң апталықтың жабылу рәсімі өткізіліп, іс-шаралардың қорытындысы бойынша марапаттаулар өткізілді. Мектебіміздің 75 оқушысы және 5 мұғалімі, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері марапатталды.

About