привет мир      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба      Өз жобажазба     
[espro-slider id=356]
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений
Жаратылыстану пәндерінің ӘБ

Имангалиева Торгын Ергалиевна
Туған жылы, айы, күні: 29 желтоқсан 1977 жыл.
Білімі: жоғары, Павлодар Мемлекеттік универститеті, 1999 жылы.
Санаты: бірінші.
Еңбек өтілімі: 17 жыл.
Мамандығы: биология пәнінің мұғалімі.
Өз білімін жетілдіру курстары: 
2010 жылы“Актуальные проблемы методологии науки и организации научных исследований” халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысып, сертификат алды және «Оқушыларды  Бірыңғай Ұлттық Тестілеуге даярлау технологиясы» ғылыми-әдістемелік семинарға қатысқаны үшін  сертификат берілді.
2011 жылы “Дарынды балаларға көптілділік білім беру: әдіснама және тәжірибе” аймақтық  семинарға қатысып, сертификат берілді.
2013-2014 оқу жылы “Оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудағы қазіргі оқыту технологияларының білімдену мүмкіндіктері”тақырыбында өз білімін жетілдірді.
2013 -2014 оқу жылының 3 ақпан – 28 сәуір аралығында «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдердің оқыту курсын аяқтады.
Жетістіктері:
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 2009-2010 оқу жылдары сапа- 100%,               орта ұпай – 19, 2011- 2012 оқу жылында сапа- 66% , орта ұпай- 15 көрсетті.
2010-2011оқу жылы облысымыздың интеллектуалдық әлеуетін көркейтуге кәсіби шеберлік көрсеткені үшін «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми- тәжірибелік  орталығының алғыс хатымен марапаттталды.
2011-2012 оқу жылы оқушыларды жоғары көрсеткіштерге жеткізгені үшін Аудандық білім беру бөлімінің грамотасымен марапатталды.
2012-2013 оқу жылы аудандық мұғалімдердің пән олимпиадасынан 2 орынға ие болды. Сол жылы аудандық педагогикалық оқуларына қатысып сертификат алды.
2014-2015 оқу жылы Халықаралық инфоурок қашықтық олимпиадасына қатысып жеңімпаздарды дайындаған үшін алғыс хат, куәлікпен марапатталды.
Оқушылардың жетістіктері:
2011-2012 оқу жылы Оралбекова Арайлым  «Ақбота» интеллектуалдық турнирінде жүлделі 3 орын иеленді. Жыл сайын оқушылары интеллектуалдық марафондарға, Облыстық «Ертіс дарыны» орталығында сырттай оқуларына қатысып тұрады.
2013-2014 оқу жылы Құсман Майгуль аудандық пән олимпиадасынан  2 орынға иеленді.
2014-2015 оқу жылы Халықаралық инфоурок қашықтық олимпиадасына қатысып, 6 а сынып оқушысы Айткалиева Дана 2 орын, 7 а сынып оқушысы Оразбеков Азат  3 -орын, 8 а сынып оқушысы Мухтаров Алдияр 3 орынмен марапатталып және қатысқаны үшін 4 оқушы сертификатпен марапатталды.

Майманов Асет Нурлыбекович 
Туған жылы, айы, күні: 16 шілде 1982 жыл.
Білімі: жоғары, ПМПИ, 2005 жылы.
Санаты: бірінші.
Еңбек өтілімі: 14 жыл.
Мамандығы: дене шынықтыру  пәнінің мұғалімі.
Өз білімін жетілдіру курстары:  
2008-2009 оқу жылы 12 жылдық білім беруде оқушылардың оқу жетістіктерін жоспарлау ерекшеліктері, мониторингтілік қызмет тақырыбында өз білімін жетілдірді.
2010-2011 оқу жылы “Дене тәрбиесі” пәнінің қазіргі заманғы мазмұны және өткізу әдістемесі тақырында өз білімін жетілдірді.
2012 -2013 оқу жылы “Дене шынықтыру мен спорттағы математикалық статистика әдістері” тақырыбында өз білімін жетілдірді.
Педагогтың қатысу нәтижесі:
2012-2013 оқу жылы «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында өткен аудандық семинар-тренингке қатысты.
2015- 2016 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы педагогикалық  қашықтықтан  «Балаларға арналған жүрек» тақырыбындағы Республикалық педагогикалық олимпиаданың «Кішігірім ертегі» номинациясы бойынша сайысқа қатысып сертификат алды.
2015- 2016 оқу жылында Халықаралық «Умната» қашықтық олимпиадасында 1 орынға ие болды.
2015- 2016 оқу жылында халықаралық «Вопросита» қашықтық олимпиадасында 1 орынды иеленді.
Оқушылармен жұмыс нәтижесі:  
2011 жылы ауданда өткен финалдық  жарыста 2 орын алды.
2011 жылы аудандық  «Баскетбол»  жарысына мектептің  ұлдар  командасы 2  орынды алды.
2011-2012 оқу жылы «Жеңіл атлетикадан» Қанжарбек  Алтынай жекелей  жүгірістен 1 орын алып,  облыстық  жарысқа  жолдама  алды.
2012-2013 оқу  жылында аудандық «Шағын  футбол»  жарысына  қатысып, 3 орын алды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған тоғызқұмалақ жарысында       2 жүлделі орынға 10 сынып оқушысы Мұқатаева Толқын иеленді.
2013-2014  оқу  жылы аудандық  «Күзгі  кросс»  жарысында  командалық  1  орынмен  марапатталды. Ақжар ЖОББ  мектебінде  өткен аймақтық «Шағын  футбол»  сайысына  қатысып,    1  орын алды. Аудандық  финалдық  жарысқа  жолдама  алды.
2014 ж Аудандық жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша Президенттік көпсайыс жарысында  1 орынға,  жеңіл атлетика жарысында 1500 м-ге жүгіруден 2 орынға 7 сынып оқушысы Сайлаубай Анар ие болды.
Аудандық жазғы спартакиада бағдарламасы бойынша жалпы командалық есепте 3 орынға, футбол жарысында 3 орынға құрама командасы, қазақша күрес жарысында 3 орынға иеленді. Футбол жарысында 3 орынға 10 сынып оқушылары Жұмаш Ардақ, Өмірбеков Мақсұт, Қайратбек Абылай, Құмар Арман, Қабиден Мирас ие болды.

 Мусина Меруерт Мухтарбековна 
Туған жылы, айы, күні: 30 сәуір 1991 жыл.
Білімі: жоғары, Павлодар Мемлекеттік  Университеті, 2013 жылы.
Санаты: екінші.
Еңбек өтілімі: 5 жыл.
Мамандығы:  информатика пәнінің мұғалімі, инжинер
Өз білімін жетілдіру курстары: 
2010-2011 оқу жылы “Бағдарлық оқыту жағдайында 10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың мазмұндық-ұйымдастырушы тұрғысы” тақырыбында өз білімін жетілдірді.
2011 жылы “Компьютерлік техниканы және интерактивті жабдықтарды баптау, Еркін таратылатын бағдарламалық қамтамаларды пайдалану, Казнеттің қазіргі мүмкіншіліктері” тақырыбында семинарға қатысты.
Жеке жетістіктері мен марапаттары:
2011-2012 оқу жылы “Мастер класс өткізу шеберлігі” аудандық семинарына қатысты.
2011-2012 оқу жылы мектеп компонентінен қосымша берілген сағаттар бойынша «Компьютерлік графика», «Компьютерлік дизайн» авторлық бағдарлама жасап, ОПМБАИ-дабекітілген.
2012-2013 оқу жылы “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” атты VIII республикалық олимпиадасына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2012-2013 оқу жылы “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” атты облыстық олимпиадасына қатысып, 3 орынмен, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2015-2016 оқу жылы “Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар білім беруде” облыстық конкурсына қатысып, 3 жүлделі орынмен, қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
2015-2016 оқу жылы Инфоурок жобасында жеке сайт ашқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Жұмыс тәжірибесін таратуы.
2011-2012 оқу жылы республикалық “Информатик ұстаздар” сайтында 10 сыныпқа арналған сабағы жарияланды.
2012-2012 оқу жылы республикалық “Ашық сабақтар” сайтында 7 сыныпқа арналған сабағы жарияланды.
2011-2012 оқу жылы “Информатик ұстаздар” журналында сабақтары жарық көрді.
2015-2016 оқу жылы Инфоурок сайтында 7, 8,10 сыныптарға арналған сабақтары жарияланды.