Робот техникасы апталығы      “Жарқын болашақ” республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі      «Ауған соғысы 1979-1989»   кітап көрмесі      Спорттық  баскетбол  жарысы      «Мен болашақ сарбазбын»  атты  сурет  байқауы      «Ауғанстан жүректегі жара» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары      «Мейірімділік-асыл қасиет» атты сынып сағаты      7-8 сынып оқушыларына арналған тренинг      «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы      «Жас Ұлан»  әскери-қолданбалы спорт түрлерінен  жарыс      
[espro-slider id=356]
Картинки для демонстрации работы скрипта смены изображений
Денсаулық апталығындағы іс-шаралар

Қаратерек мектебінде 2-7 қыркүйек аралығында денсаулық апталығы өткізілді. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, халыққа жолдауында ел тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануын қамтамасыз етуді тапсырған. Акция аясында медициналық қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылды. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану сынды оқушыларға арналған тренингтер өткізілді. Балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Жиі спорттық ойындарға балаларды баулиды.

Мектеп медбибісі Женисхан Бақшагуль  «Есірткі мен алкоголизмге қарсы» атты дөңгелек үстел өткізді 1-11 сыныптар аралығында өтті. Жеткіншектерге денсаулықты күтіп, сақтау бағытында әңгімеле жүргізіліп, оларды шылым, есірткі, алкоголь секілді зиянды заттардан аулақ болуға үндеді. Оқушылар арасында белсенді болудың, саламатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың пайдасы зор екенін насихаттады.

 Қаратерек мектебінде 7 қыркүйек  Саламатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған басты мәселе екені белгілі. Осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастыру қолға алынды. Сондай ауқымды шараның бірі жаңа оқу жылының алғашқы аптасында басталып кетті.

Футбол, шахмат, баскетбол,арқан тарту, асық ату осындай спорт түрлерінен жарыстар өтті. Барлығы 1-11 сыныптардан 137 бала және мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері және Қаратерек әкімшілігі, Емхана, Балабақша, мәдениет үйі, қатысты. Жоғары дәреже көрсеткен белсенді оқушыларды Мектеп директорының міндетін атқарушы Л.К.Кайсина мен мекемелерді Қаратерек әкімшілігі «Алғыс хаттар» беріп марапаттады.

About